Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы бір жылға шеттетіледі

Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы бір жылға шеттетіледі

Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы бір жылға шеттетіледі
ашық дереккөзі

Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) президенті Томаш Аян AFP агенттігіне берген сұхбатында Қазақстанның дисквалификацияға ұшырайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Бұған 2008 және 2012 жылдардағы Олимпиадаларда спортшылардан алыған қан сынамаларының ірі тексерісінен көп адамның ағзасында тыйым салынған заттардың анықталуы болып отыр екен. "Рио Ойындарынан кейін бұл елдердің ұйымға мүшелік етуін тоқтатамыз. Мен кепіл бола аламын. Бұл елдер - Ресей, Қазақстан және Беларусь", - деді Томаш Аян. Оның айтуынша, ендігіде соңғы екі Олимпиадада үш спортшысынан допинг табылған жағдайда бір жылға дисквалификацияға ұшырайтын болыпты. Бастапқыда IWF Қазақстан мен Беларусті Рио Ойындарына жібергісі келмеген, бірақ ХОК өткен Олимпиадалардағы барлық алдыңғы допинг-сынамаларды тексеріп үлгермегендіктен тыйым сала алмаған еді. "Қайта жасалып жатқан сараптамалар аяқталған жоқ. Қосымша мәлімет күтіп отырмыз, мүшелігі тоқтатылатын тағы бірнеше ел болады деп ойлап отырмын. Біз ауыр атлетиканы спорттың таза түріне айналдырғымыз келеді және оның бір ғана жолы бар - біздің ережелерді бұзатын елдерге тыйым саламыз. Меніңше, біз қыркүйек айының соңында қай елдің мүшелігі тоқтатылатынын жария етеміз", - деді Аян. Ауыр атлетика федерациясының басшысы Токиодағы Олимпиадада бұл спорт түрінің абыройы басқа болады деп есептейді. "Біз толықтай допингтен құтыламыз деп айта алмаймын. Бірақ мен сенемін, 2020 жылға дейін жағдай өзгереді", - деп мәлімдеді Томаш Аян.