Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденовтің мәліметінше, мегаполисте 10 айдың қортындысы бойынша жол-көлік апаты 27,8 пайызға төмендеген: жол көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер – 35%, қаза тапқандар – 48,6%, жарақат алғандар 36,4 пайызға азайды. «Біз қалалык әкімдікпен бірлесе отырып, жол көлік оқиғаларының алдын-алу мақсатында Алматы қаласы аумағында жол жүру және жол қауіпсіздігі мәселелері бойынша 2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспарды әзірлеп, бекіттік. Бұл жоспардың жүзеге асуы көлік ағымының өтімділігін 25-30% арттырса, жол көлік оқиғаларының санын 15-20% азайтып, экологиялық жағдайдың 10% жақсаруына септігін тигізеді», – дейді департамент басшысы. Сонымен қатар, ол қалада 2050 бейнекамера орнатылғанын айтты. Жыл соңына дейін қосымша тағы да 362 камералық бекет орнату жоспарда тұр.
Жүктелуде...