Еліміздің алтын-валюталық резерві азайды

Еліміздің алтын-валюталық резерві азайды

Еліміздің алтын-валюталық резерві азайды
ашық дереккөзі
Қазақстанның алтын-валюталық резерві азайды. Қазан айында шамамен 200 млн АҚШ долларына кеміді. Бұл туралы бүгін Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді. Үкімет отырысында ол алтын валюталық резервтердің азаюына мемлекеттік борыштың өтелуі мен интервенциялық шаралардың жүргізілуі себеп болғанын айтты. Ұлттық қор активтері де біршама азайған. Қазір оның көлемі 56,3 млрд АҚШ долларына тең. Халықаралық резервтерге келсек, қазан айында жалпы көлемі 89,9 млрд АҚШ долларын көрсетті. Елімізде пандемияға байланысты бюджет кірістерінің көлемі азайғаны белгілі. Олқылықтың орнын толтыру үшін үкімет өңдеу өнеркәсібін дамытып, кей бағыттар бойынша бюджеттік алымдарды көбейтуге кірісті. Энергетика саласы бойынша биылғы мұнай өндірісі 71,6 миллион тоннаға жеткен. Басым бөлігі сыртқы нарыққа экспортталып жатыр. Айта кетейік, бүгін әлемдік қор нарықтарында мұнай бағасы қымбаттап, баррелі 42 доллардан сатылып жатыр. Өткен айда бұл көрсеткіш 37 долларға тең болды. Еліміздің газ өндірісі болса, қаңтар-қазан айларында 46 миллиард текше метрге жетті.