Президент қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру мәселесі бойынша кеңес өткізді

Сондай-ақ!

«Үй алып берем» деп ақша алыпты

Мемлекеттік бағдарлама бойынша үй алып беруге уәде еткен алаяқ әйел ұсталды, деп хабарлайды Túrkistan.kz   ІІМ сілтеме жасап. Бұрын сотты болған 60 жастағы М.есімді алаяқ әйел...

Ұрланған 464 телефон табылды

Алматы қаласында полиция қызметкерлері жеке үйлерді тінту барысында ұрланған 464 мобилді құрылғыны тәркіледі –  деп хабарлады  ҚазАқпарат . «Криминалдық полиция қызметкерлері арнайы жасақ сарбаздарының көмегімен...

Коронавируспен ауырған бір науқасты емдеуге неше теңге керек?

Коронавируспен ауырған бір науқасты  емдеу үшін 465 мың теңгеден 900 мың теңгеге дейін қаржы жұмсалады. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «коронавирус инфекциясымен ауырған бір...

Қомақты қаржы жымқырған: Энергетика министрлігі мен облыс әкімдіктеріндегі бірнеше шенеунік тергелуде

«Antikor ortalygy» алаңында Нұр-сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Шыңғыс Қабдолла ҚР Энергетика министрлігінің және бірқатар облыс әкімдіктерінің лауазымды тұлғаларының үстінен...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру мәселесі бойынша кеңес өтті.

Жиында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, лингвист-ғалымдар мен сарапшылардың қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстарының нәтижесі бойынша баяндама жасады.

Ақтоты Райымқұлова ғылыми тұрғыдан зерделенген әліпби жобасын ұсынды. Жетілдірілген әліпби халқымыздың жазу дәстүрінде орныққан «бір дыбыс – бір әріп» принципіне толық сәйкес келеді, диграфтар, яғни бір дыбысты екі немесе одан көп таңбамен белгілеу принципі қолданылмайды. Бұл әліпби жобасында қазақ тілінің 28 дыбысы толық қамтылған.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа әліпбидің мектептер мен білім беру ұйымдарына жүйелі түрде енгізудің алдын ала дайындық кезеңдері, ұстаздарды, оқулықтарды даярлау мен әдістемелік құралдарды жаңарту мәселесі бойынша ақпарат берді. Оның айтуынша, барлық шаралар кешенді түрде кезең-кезеңімен, алдын ала толық дайындық жүргізілгеннен кейін ұйымдастырылатын болады.
Мемлекет басшысы кеңесте қаралған мәселелер бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Атап айтқанда, әліпби жобасы ғалымдармен бірге толық зерделеніп, Үкімет жанындағы Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссияның кезекті отырысының қарауына енгізуді тапсырды.
Аталған комиссия отырысының қорытындысы шыққаннан кейін Үкімет жетілдірілген әліпбиді бекіту туралы Жарлық жобасын Президент Әкімшілігіне енгізуі тиіс.

– Жаңа әліпби бастамасы – бұл күрделі әрі шетін мәселе екенін ұмытпаған жөн. Жаңа графиканы енгізу бір күнде я болмаса, тіпті, бір жылда іске аса қоятын жұмыс емес. Әйтпесе, асығыстық бүкіл мәдениетімізге және тарихи болмысымызға зиян келтіруі мүмкін. Мәселе – кириллицадан латын әліпбиіне аударуда емес, бұл қазақ тілінің ауқымды реформасы деген сөз. Қаржы мәселесін де ескеруіміз керек. Латын әліпбиін енгізу жұмысы біртіндеп жүзеге асуы керек. Негізінде, бұл графика жас ұрпаққа арналған деп айтуға болады. Оның игілігін, ең алдымен, солар көруі керек. Сондықтан, бұл үрдіс жоспарлы түрде, біртіндеп іске асырылуы қажет, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдениет және спорт, Білім және ғылым, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктеріне ғалымдарды, сарапшылар мен зиялы қауым өкілдерін тарта отырып, жаңа әліпбиді халыққа жан-жақты түсіндіруге бағытталған кешенді ақпараттық жұмыс жүргізу туралы тапсырма берді.

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

Динара Сәтжанның сәтсіз жарнамасы «қызыл аймақ» әкімдеріне ұпай әкелмеді

Белгілі журналист, блогер Динара Сәтжан жақында Өскемен қаласына барып, Instagram әлеуметтік желісіндегі...

«Үй алып берем» деп ақша алыпты

Мемлекеттік бағдарлама бойынша үй алып беруге уәде еткен алаяқ әйел ұсталды, деп...

Ұрланған 464 телефон табылды

Алматы қаласында полиция қызметкерлері жеке үйлерді тінту барысында ұрланған 464 мобилді құрылғыны...

Коронавируспен ауырған бір науқасты емдеуге неше теңге керек?

Коронавируспен ауырған бір науқасты  емдеу үшін 465 мың теңгеден 900 мың теңгеге...

Қомақты қаржы жымқырған: Энергетика министрлігі мен облыс әкімдіктеріндегі бірнеше шенеунік тергелуде

«Antikor ortalygy» алаңында Нұр-сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...