Қар, көктайғақ, бұрқасын: Қазақстанның 13 облысында дабылды ескерту жарияланды

Қазақстанның 13 облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында қатты жел тұрып, бұрқасын көтерілуіне байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚР төтенше жағдайлар министрлігі. 

Нұр-Сұлтан қаласында жаңбыр, қар жауып, көктайғақ болады, 9-14 м/с жылдамдықпен соққан желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді.

Ақмола облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады, желдің екпіні 15-20 метрге күшейеді.

Ақтөбе облысында тұман, көктайғақ болады, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел тұрады.

Алматы облысында желдің екпіні секундына 17-22 метрге күшейеді.

Атырау облысында желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні секундына 15-20, 25 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысында тұман түсіп, желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді.

Қарағанды облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады, жел –15-20, екпіні секундына 28 метрге жетеді.

Қостанай облысында тұман, көктайғақ, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел тұрады.

Қызылорда облысында шаңды дауыл көтеріліп, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйытқиды.

Маңғыстау облысында желдің екпіні 15-20, 23-28 метрге жетеді.

Павлодар облысында желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында тұман, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады, жел секундына 15-20 метрге күшейеді.

Түркістан облысында жаңбыр, қар жауып, тұман түседі, жел секундына 15-20 метрге күшейеді.

«Жауын-шашын түсуіне байланысты көктайғақ болады. Соның салдарынан жол апаты, сондай-ақ жаяу жүргіншілердің жарақат алуы жиілейді. Көктайғақ кезінде азаматтарға тайғанамайтын аяқ киім кию ұсынылады», – дейді құтқарушылар.

 

Back to top button