ОҚО-да омарташылар жылына 100 тонна бал өндіруде

ОҚО-да омарташылар жылына 100 тонна бал өндіруде

ОҚО-да омарташылар жылына 100 тонна бал өндіруде
ашық дереккөзі
Ең қызық та қиын кәсіптің түрі – ол бал ара өсірумен айналысатын омарташы кәсібі. Бүгінгі күні Оңтүстік Қазақстан облысының көлемінде 1200 шағын, орта және ірі ара өсіруші жеке және заңды тұлғалар болса, олар жылына көлемінде 100 тонна бал өндіреді. Бүгінде облыста бал ара шаруашылығын дамыту мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылып, оны селекциялық асылдандыру жұмыстарын жүргізгені үшін әрбір ұяшығына мемлекет тарапынан 3190 теңге қолдау қаржы төленуде. Ал 2016 жылы 3 мың ұяшыққа 9570,0 мың теңге қаржы бөлу жоспарланған.  width= Оңтүстіктің омарташыларына қолдау көрсетіп отырған мекеменің бірі «Ырыс» микроқаржы ұйымы. Аталмыш ұйымнан қолдау алған шаруашылықтың бірі «ЭкоМёд» ЖШС. Серіктестік ара шарашылығын дамыту үшін қаржы ұйымынан төмендетілген жылдық мөлшерлеме негізінде 5 млн. теңге несие алып, оған 480 дана ара ұяшығын сатып алған. Олар әр ұяшықтан шамамен 25-30 кг., әсел өнімін алады. Биыл шаруашылыққа Австрия мен Украина елдерінен асыл тұқымды карпаттық бал аралары әкелінді. Араның бұл түрлері балды жақсы жинайды әрі ауа-райына жылдам бейімделеді. Балдың аққурай және таулы түрлерін өндіретін шаруашылық өндірілген өнімдерін Қазақстанның солтүстік және орталық областарына және көрші Ресей еліне экспорттаған. Сондай-ақ, облыста бал ара шаруашылықтарды ғылыми сүйемелдеумен айналысатын «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» ЖШС-де бал ара шаруашылығы секторы жұмыс жасайды. Ал бал аралар аналығын қолдан ұрықтандырумен ЖК «Демидов» айналысып келеді. Айта кетейік, өңірде «Облыстық әуесқой омарташылар қауымдастығы» жұмыс істейді. Бұл қауымдастыққа 250 бал ара өсірушілер мүше. Қауымдастық төрағасы Төрехан Нормұхамбетов.