Ұлыбритания медаль саны бойынша АҚШ-тан кейінгі екінші орында

Ұлыбритания медаль саны бойынша АҚШ-тан кейінгі екінші орында

Ұлыбритания медаль саны бойынша АҚШ-тан кейінгі екінші орында
ашық дереккөзі
Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Ұлыбритания Қытайды басып озып, АҚШ-тан кейінгі екінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Риодағы ҚазАқпарат тілшісі. Бүгін Олимпиаданың тоғызыншы күні артта қалды. Нәтижесінде АҚШ  26 алтын, 21 күміс, 22 қола, жалпы 69  медаль еншілеп, көш басшылықты қолдан бермей келеді. Ал Ұлыбритания спортшылары бүгін Риода сенсация жасап, жалпы есепте Қытай құрамасын басып озды. Қазір олардың еншісінде 15 алтын, 16 күміс, 7 қола - жалпы 38 медаль бар. Ал үздік үштікке неше күннен бері екінші орында келе жатқан Қытай құрамасы сырғыды. Олардың еншісінде 15 алтын, 13 күміс, 17 қола - жалпы - 45 медаль бар. Бүгінгі есеп бойынша 68 мемлекет Рио Олимпиадасының медаліне қол жеткізіп үлгерді. Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс, 4 қола медальмен  жалпыкомандалық есепте 16-орында келе жатыр. Жалпы қазірге дейін,  162 алтын, 162 күміс, 182 қола, жалпы 506 медаль ойнатылып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге табыс етілді.