АтажұртҚоғам

Ираннан келген қандастар баспанасыз жүр

Маңғыстау облысы Ақтау қаласында 2010 жылы салынған «Қан­дастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы» 2016 жылдың желтоқсан айынан бастап атауы өзгертіліп, «Әлеуметтік жатақхана» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне айналған. Өйткені онда Өзбекстан, Ауғанстан, Түркіменстан және Иран елінен көшіп келген қандастардан басқа қоғамдағы әртүрлі әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар тұрады.

«Халықтың көші-қоны туралы» заңын­да қандастарды бейімдеу және уақытша орналастыру орталықтары қызметін өңір­дегі жергілікті әкімшілік ұйымдастыратыны жайлы жазылған. Онда қандастардың «тұр­ғын үйі болмаған жағдайда бейімдеу не­месе уақытша орналастыру орталық-та­рында бір жылдан аспайтын мерзімге тіркелу құқығы бар» екені көрсетілген.

Алайда, осы уақыт ішінде мемлекеттік бағ­дарламамен келген қандастар баспана алуы, жер алуы немесе квотамен қамтылуы қажет болатын.

Иран елінен көшіп келген бірнеше қан­дасымыз түрлі себептермен бір қандастарға рет­кі мемлекеттен берілетін квота және бас­пана ала алмай қалғанын айтып, хабар­лас­қан еді. Олардың айтуына қарағанда, жер­гілікті әкімшілік қазір тұрып жатқан «Әлеуметтік жатақханадан» шығуды талап еткен. Осы мәселеге орай Тúrkistan апталы­ғының қандастарға арналған Atajurt жобасы аясында арнайы іссапармен Ақтау қа­ла­сына барып, қандастармен кездесіп, жағ­дайларын өз көзімізбен көріп қайтқан  едік.

«Әлеуметтік жатақхана» коммуналдық ме­кемесінің әкімшілігінен мәселенің анық-қа­нығын сұрап көріп едік, «тиісті жауапты қа­лалық әкімшіліктен аласыздар» деп жауап беруден бас тартты. Жатақана әкімшілігі қандастармен жатақхананың ауласында кез­десіп, сұхбаттасуға кедергі келтірген соң, олармен сыртта сөйлесуге тура келді.

C0173.00 19 28 03.Still001

Абдулла ЖЕНАГИ, Иран елінен көшіп келген қандас:

– Қазақстан­ның Тұңғыш Пре­зи­­денті Н.Назарбаев Иран елімен он­да­ғы қазақтарды кво­тамен көшіріп алуға 1993 жылдан 2003 жылға дейін 10 жылға келісім жасады. Сол бағдарламамен жыл сайын 30 отбасы көшіп келетін. Олардың бәрі үй және квотамен қамтылы. Мен осы көштің ең соңғы жылына іліндім. 2003 жылы Маңғыстау облстық көші-қон бас­қармасында істейтін Мәнежи Шадкам де­ген әйел хабарласып: «Абдулла, сіз биылғы келетін 30 отбасының ішінде барсыз. Сіз енді Иранға беріп, азаматтықтан шы­ғып, көшіп келіңіз. Үй береміз, жұмысқа ор­наласасыз», –  деді. Ол кезде мен Алматы­да оқуда жүрген едім.

2003 жылы Иран қазақтарын көшіріп алуға Астанадан Көші-қон басқармасының ба­сышысы Асылан Қаржаубаев деген кісі екеу­міз Иранға бірге бардық. 30 отбасы кө­шіп келді. Ол 30 отбасының ішіне мен ілк­пей қалдым. Өйткені, бойдақсың деді. Сол келген 30 отбасының алғашқылары Ақ­таудан, кейінгілері Жаңаөзеннен үй ал­ды. Көбі мұнайға жұмысқа орналасты. 2003 жылдан кейін Иран қазақтарының квотасы бітті.

Жоғарыда айтқан 30 отбасына ілікпей қал­дым дедім ғой, алайда мен 2004 жылы азаматтық алуға құжат тапсырып, үй кезегіне тұрайын десем «сізге мемлекеттен үй бе­рілген» дейді. Сөйтсем, 2003 жылы менің атыма үй беріліпті. Оны әкімшілік айтпаған. Ал үй өз қолма тиген жоқ. Осының кесірінен мен баспана алатын қаншама мүмкін­діктен айырылдым. Кезекке тұруға барсам, «мемлекеттен үй алғансыз» деп қабыл­да­майды.

Қазір Ақтау қаласындаға «Әлеу¬меттік жа­тақханадан» тұрамын. Әкімшіліктен адам­дар келіп: «уақыт болды, үйден шы­ғыңыздар, сіздерден жағдайы төмен адамдар бар» дейді. Дәл осындай 166 отбасы бар екен, оның 105 отбасына жатақхана­дан шығу туралы ескерту қағаз келген.

Әрине, заң бойынша бұл жерде 6 ай тұруы­мыз керек. Бірақ 6 ай ішінде біз квота немесе үйімізді алуымыз қажет еді ғой. Жағдайымызды айтып, әкімшілікке барсақ, басшылықпен жолықтырмайды. Ал қала әкімен жолығып, осы мәселені айтып едім «уа­қыты өтіп кеткен, шеше алмаймыз» дейді.

DSC04164

Қазақ НОСРАТБИБІ, Иран елінен көшіп келген қандас:

– Осы жақтың әкімшілігінен адамдар Иран еліне барып, бізді мешітте тізімдеп алды. Сол жерде бізге құжаттарға қол қойдырды. «Біз сіздерге қарасамыз, көшіп келген жол ақшаларыңыз қайтарылады. Барған соң баспана беріледі», – деп көшіріп алып келді. Біз көшіп келе жатқанда айтты: «Сіздер елге жеткен соң, құжатқа жасауға әуре болмайсыздар, өздері рәсімдеп береді. Қарсы алатындар қастарыңызда жүреді» деп. Мында келгенде ондай еңшетең болған жоқ.

Сол келген отбасылардың біразы үй және квотасын алды. Біз ала алмай қалдық. Не үй не квота тимеді. Тек біз ғана емес, басқа да отбасылар бар, үй ала алмай қалған. Кейбірі қайтадан Иран еліне көшіп кетті. Біз қайта көше алмай қалдық. Мен Иран елінде кілем тоқитын едім, жолдасым Әбдірахман Бабық көлік айдып, жүк тасымалдаумен айналысатын. Екеуміздің де жұмысымыз бар еді. Қазір көше сыпырушы болып жұмыс істеймін, айына 40 мың теңге аламын.

Үйдің кезегіне тұруға барсам «сіз үйдің кезегіне тұра алмайсыз,  себебі  Иран елінің азаматысыз» дейді. Содан азаматтық алдым. Енді үйдің кезгіне тұруға барсам тағы да болмайды дейді. Неге десем, «сіз оралман емессіз, Қазақстан азаматысыз» дейді. Жолдасымның атынан құжат тапсырып көріп едік, «үшінші топтағы мүгедек емес» деп тағы да қабылдамай қойды.

Жағдайымызға қараспаса, Ираннан бізді не үшін көшіріп әкелді? Келгенімізге 10 жылдан асты, әлі үйіміз жоқ. Қазір тұрып жатқан «Әлеуметтік жатақханадан» да шығыңдар деп жатыр. Біз енді қайда барамыз?

fytsavchapa

Талғат МҮРСӘЛИ, құқық қорғаушы:

– Мұндай «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы» Қарағанды, Түкістан, Маңғыстау облыстарында бар. Онда заң бойынша мемлекеттік арнайы бағдарламамен (өз күшімен емес) келген қандастар азаматтық алғанға дейін тұруға заңды. Өйткені, азаматтықпен квота бірге шығады және осы уақыт аралығында қандастар  мемлекет тарапынан алатын көмегін алып болуы қажет. Осы порцесстер уақытымен заңды түрде жүзеге асса, дау туындамайды. Баспаналы болған, жер алып ың-шыңсыз сіңісіп кеткен қандастар көп.

Ал мына жағдай расымен күрделі. Өйткені, содан бері қаншама уақыт өтіп кеткен. Ол кезде қызмет істеген кейбір жауапты адамдар қазір бар ма, жоқ па? Қейбір мекемелер жабылып қалады. Сондықтан бұл жағдайға дәл қазір заңдық тұрғыда бірдеңе деу қиын.

Жоғарыда арыз-талаптарын айтып отырған қандастарды да түсінемін. Өзіміз шақырып, көшіріп әкелдік. Баспанасыз қалып отыр, енді оларға әкімшілік «жатақханадан шығыңдар» деп жатыр екен. Егер заңға сүйенсек, әкімшіліктікі дұрыс болып шығады. Өйткені, заңда 6 ай ғана турға болады. Қайта жергілікті әкімшілік қандастарымызға жеңілдік жасап отырған тәрізді. 150-дей отбасын баспанамен қамту – бюжеті мол мұнайлы өлке Маңғыстау үшін қиын да емес. Мүмкін әкімшілік тарапынан жеңілдік жасалып, басқа бір жолдарымен шешіліп те қалар.

Мен Тúrkistan апталығының қандастарға арналған Atajurt жобасын тұрақты оқып, кей кездерде өзім де құқықтық жағынан пікірімді білдіріп келемін. Сонда бір байқағаным, Тúrkistan газеті кейбір күрделі мәселеде іске қатысты мекемелерге арнайы хат жазып, жан-жақты материал ұсынып келесіздер. Сондықтан бұл мәселеде де Маңғыстау облысындағы осы іске қа­тысты құзырлы орындарға хат жазып мән-жайды әлі де нақтылай түскен­деріңіз жөн сияқты.

Back to top button