Таулы Қарабақтағы қақтығысқа бір ай болды

Әзербайжан Қарулы күштері 30 күн ішінде 30 жыл отар болған жерлерін біртіндеп қайтару арқылы әскери тұрғыда алға жылжыды. Ал Арменияның бұл жағдайда әскери әлеуетінің жайы байқалғандай. Сол себепті Армения әуел бастан қақтығысты ұлғайтқысы келді. Армения үкімет басшысы бұл процеске басқа елдердің, әсіресе Ресейдің қатысқанын қалады. Осылайша олар атысты тоқтату туралы декларация жасауға тырысты. Бұл үшін қақтығыс аумағынан тыс азаматтық нысандарға тоқтаусыз шабуыл жасады. Әрине, қақтығыс аумағында жеңіліс тапқаннан кейін мұндай әрекеттерімен назарды басқа жаққа бұра аламыз деп ойлады.

Ресей неге әрекетсіз көрінді?

Путин Пашинянмен кездесті. Па­шинян Кремьлге жақын Роберт Кочарян секілді саясатшыларды қа­­мауға алу арқылы Кремльдің қаһа­рына ұшыраған болатын. Ал қазір Ресей Пашинянды сынауда. Бәл­кім, Ресей Әзербайжанның Армения тарапынан жаулап алынған 5 аймағын (Агдам, Физули, Зенгилан, Холджавенд, Ходжалы) Әзер­бай­­жан армиясы қайтарып алғанға дейін күте тұрар. Екінші мүмкіндік – Пашинянның қызметінен босатылуы. Бұл процесте Арменияда сая­­си төңкеріс болуы да әбден мүм­­кін. Дәл осы кезде Ресей көзқа­ра­­сының тез өзгеруін күтуге болады.

Көптеген ел, соның ішінде АҚШ пен Ресей атысты тоқтату туралы ше­шім қабылдағанымен қақтығыс ау­мағында 5 минут ішінде шешімі бұ­зылып жатты. Яғни, бұл мәселе атыс­ты тоқтату туралы қарарлар­мен шешілер болса, 27 жыл бұрын-ақ шешілер еді…

1994 жылдан бері Арменияның оккупациясында болған Таулы Қа­рабақтың кейбір жерлерінде жа­ры­лыстар болғанымен, оның айна­ла­сын­дағы 7 дәлізде (облыстарда) қақ­тығыстар қарқынды жалғасуда.

1 ай ішінде Әзербайжан Қарулы күш­тері 4 аймақты (Жабраил, Физули, Губадлы, Зенгилан) алып үл­герді.

Соңғы айда екі жақтан да сар­баз­дар мен бейбіт тұрғын қаза тауып, жүздеген бейбіт тұрғынның жарақат алғаны белгілі болды.

Әсіресе, Армения Әзер­бай­жан­ның Гянджа мен Барда, Тертер ау­мақтарына шабуылдау арқылы 65 бейбіт тұрғын қаза тауып, 300-ден астамы жараланды.

1994 жылдан бері ара-тұра жүр­гізіліп келе жатқан келіссөз­дер­де Әзербайжан жағы Армения ар­миясы орналасқан шамамен 7 мың шаршы шақырымдық 7 ай­мақтан кетуін талап етіп келді.

2020 09 29T130721Z 1580732002 RC2A8J9NO8KZ RTRMADP 3 ARMENIA AZERBAIJAN 1 0

Армения соңғы сәтте қосып алғысы келген Таулы Қарабақ пен Армения арасындағы Кельбаджар мен Лачин аймақтарынан дәліз ашылуы керек еді. Алайда Ереван әкімшілігі дәлізді уәде еткенімен Кельбаджар мен Лачин аумағынан шығудан бас тартты.

Лачин дәлізі  не үшін маңызды?

Дәл осы дәліз арқылы мойын­далмаған Таулы Қарабақ Республикасы Армениядан көптеген мөл­шерде азық-түлік және басқа да жүк­терді тасымалдайды. Армения өз кезегінде Таулы Қарабақ Республикасынан электр қуатын алады. Лачин дәлізін Әзербайжан Қарулы күштері кері қайтарып алса, бұл бай­­ланыс үзіледі. Ал Баку үкіметі Ар­мения мен Таулы Қарабақты бі­рік­тіретін өте маңызды страте­гиялық жол – Кубатли және Лачин дәлізін қолға алу мерзіміне өте аз қалды деп хабарлауда.

Әзербайжанның музыкалық бесігі – Шуша

Арменияның Шушаға басып кір­геніне 28 жыл өтті, әзербай­жан­дар өз тарихының ажырамас бөлігі болған Шуша оккупациядан азат етілетін күнді күтуде. 28 жылдан бері оккупацияда болған Шуша әзер­байжандар үшін неге маңызды?

Әзербайжан президенті Әлиев өз сөзінде Шуша жерін оккупациядан құтқарамыз деген хабарлама бер­­ген. Сонымен, неге Шуша маңыз­ды?

28 жыл бойы оккупацияда бол­ған Шуша әзербайжандар үшін жай қала емес. Бұл – көптеген интел­лиген­­ция өкілдері туып-өскен ежелгі қала және мәдени ғибадат­ха­на. Онда көптеген ақындар, музыканттар және ғалымдар өмірге келген. Солардың бірі – Әзер­бай­жанның ұлттық әнұранының авторы, «Шығыстың алғашқы опера ком­позиторы» Узеир Гаджибеков.

Оккупацияланған Шуша «Әзер­байжанның музыкалық бесігі», «Кавказ өнер  ғибадатханасы» деп атал­ды. Әзербайжан сәулет өнері­нің жүрегі де осында соғып тұр. Ашық аспан астындағы мұражай бола отырып, қала 1977 жылы та­ри­­хи-сәулеттік қорғаныс аймағы бо­­лып жарияланған.

Назгүл Кенжетай,

саяси журналист (Түркия)

Back to top button