Қ.Тоқаев: Халықаралық қоғамдастық терроризмге қарсы күш біріктіруі керек

Қ.Тоқаев: Халықаралық қоғамдастық терроризмге қарсы күш біріктіруі керек

Қ.Тоқаев: Халықаралық қоғамдастық терроризмге қарсы күш біріктіруі керек
ашық дереккөзі
Халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін терроризмге, адамзатты жеккөрушілік идеологиясы мен әрекетіне қарсы тиімді біріктіру керек. Бұл туралы  ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де жазды. «Венадағы жантүршігерлік терактіні ешқандай ақтап алуға болмайды. Австрия Үкіметі мен халқының қайғысына ортақпын. Халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін терроризмге, адамзатты жеккөрушілік идеологиясы мен әрекетіне қарсы тиімді біріктіру керек», - деді Мемлекет басшысы.