Жаһан

COVID-19: Чехияда зейнетке шыққан дәрігерлер жұмысқа қайта орала бастады

Чехияда эпидемиологиялық ахуал ушықты. Соңғы бір аптаның өзінде елде науқастардың саны күрт артып, мемлекет Еуропа аумағы бойынша өлім-жітім көрсеткішінен антирекорд орнатты.

Жергілікті ауруханаларда орын саны күннен-күнге азаюда. Ақ халатты мамандардың жетіспеушілігі де жағдайды қиындатуда. Жергілікті биліктің хабарлауынша, пандемия басталғалы 10 мыңнан астам медицина саласының қызметкері коронавирус індетін жұқтырған.

Індетпен күреске жұмылдырылған дәрігерлердің жұмысын жеңілдету үшін студенттер мен волонтерлер көмекке келе бастады. Сондай-ақ зейнетке шыққан дәрігерлер де жұмысына қайта оралуда. Еріктілердің арасында Прага қаласының мэрі де бар. Волонтерлер алдымен арнайы медициналық дайындықтан өтіп, кейін дәрігерлерге көмек көрсетуге кіріседі.

Айта кетейік, пандемия басталғалы Чехияда 351 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған. 3 654 науқас көз жұмды. 171 мыңнан аса адам емделіп шықты.

Back to top button