Әлемдік туризм 730 млрд еуро шығынға батты

Әлемдік туризм 730 млрд еуро шығынға батты

Әлемдік туризм 730 млрд еуро шығынға батты
ашық дереккөзі
220
Пандемия салдарынан биыл әлемдік туризм 730 миллиард еуро шығынға батты. Бұл 2009 жылғы дағдарыс кезіндегі шығыннан 8 есе көп. Дүниежүзілік туризм ұйымы (UNWTO) дерегі осындай.  Ұйымның мәліметінше, ағымдағы жылдың 8 айында әлем бойынша туристік сапарлар саны 70 процентке қысқарған. Биылғы қаңтар мен тамыз аралығында жолға шыққандар қатары былтырғыға дәл осы кезеңнен 700 миллионға аз екен. "Бұрын-соңды болмаған бұл құлдыраудың әлеуметтік және экономикалық салдары орасан және миллиондаған жұмыс орындарының қысқаруына әкеліп соқпақ. Сондықтан қауіпсіз, жүйеленген туризмді қайта жандандыру қажеттілігі туып отыр", - дейді Дүниежүзілік туризм ұйымының бас хатшысы Зураб Пололикашвили. Сарапшылардың пікірінше, әлемдік туризм тек 2021 жылдың үшінші тоқсанында жандануы мүмкін. Ал мамандардың 20 пайызы саланың жұмысы 2022 жылға дейін қалпына келмеуі мүмкін деген болжам айтып отыр.

Серіктес жаңалықтары