Елбасы БАӘ вице-премьерімен кездесті

Елбасы БАӘ вице-премьерімен кездесті

Елбасы БАӘ вице-премьерімен кездесті
ашық дереккөзі
447

Елбасы, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі Кеңестің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктері Премьер-Министрінің орынбасары, Президент істері жөніндегі министрі шейх Мансур бен Заид Әл Нахаянмен кездесті, деп хабарлайды Elbasy.kz. 

Кездесу барысында экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Тараптар Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Маминнің жуырдағы сапары кезінде құны 6 миллиард АҚШ долларын құрайтын инвестициялық жобаларды іске асыру туралы қол жеткізілген уағдаластықтарды ерекше атап өтті. Сонымен қатар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен шейх Мансур мәдениет және туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады. Соңында тараптар өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Серіктес жаңалықтары