«Отандастар қоры» жанындағы Қоғамдық комиссияның отырысы өтті

«Отандастар қоры» жанындағы Қоғамдық комиссияның отырысы өтті

«Отандастар қоры» жанындағы Қоғамдық комиссияның отырысы өтті
ашық дереккөзі
405
Бүгін «Отандастар қоры» КеАҚ жанындағы Қоғамдық комиссияның отырысы өтті. Іс-шараға Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты, комиссия төрағасы Мұрат Бақтиярұлы сондай-ақ қоғам қайраткерлері, Парламентінің депутаттары, Сыртқы істер, Ақпарат және қоғамдық даму, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің өкілдері және қоғам белсенділері қатысты.  width= Жиын барысында Ақмола облысы «Нұрлы көш» (Красный Яр) ауылындағы қандастарға салынған үйлерді заңдастыру мәселесі туралы сұрақтарға Ақмола облысы әкімінің орынбасары Малғаждар Тәткеев жауап берді. «Нұрлы Көш» бағдарлмасы бойынша Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Красный Яр ауылында 2009 жылы республикалық трансферттердің есебінен шамамен 1,5 млрд.теңге сомасына (1 466 млн. теңге) 138 екі пәтерлі тұрғын үйлер салынған болатын. 2011 жылы тұрғын үйлер «Есіл» ӘКК» ҰК» АҚ балансынан Көкшетау қ. әкімдігінің балансына берілді. Үйлердің жалға берілуіне байланысты, яғни оларға меншік құқығы жоқ, сондықтан тұрғындар жылжымайтын мүлікті күтіп-ұстауға қаржылай жүктемені алғысы келмейді», - дейді Ақмола облысы әкімінің орынбасары Малғаждар Тәткеев. Сонымен қатар, Қазақстан облыстардағы оның ішінде елдімекендерде ауыл шаруашылық мақсатында қолдануға жарамды, бос жер телімдері және оларды ерікті қоныс аударушы қандастарға берілу мүмкіндіктері жайлы  АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрайымы Гүлжахан Бимендина баяндама жасады. «Қазақстанның Жер кодексіне сәйкес, қандастарға шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығы 10 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Бұл ретте шаруа немесе фермер қожалығын және ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін қандастарға уақытша жер пайдалану құқығымен жер учаскелерін беру ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден, арнайы жер қорынан, иммиграциялық жер қорынан және босалқы жерден жүзеге асырылады. Сондай-ақ, қандастардың шаруа немесе фермер қожалығын немесе ауыл шаруашылығы өндірісіне байланысты өзге де қызметті жүргізу үшін арнайы жер қорының жерінен жер учаскесін алуға бірінші кезекте құқығы бар. Аталған талаптарымен қандастар Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін пайдаланылады. Сонымен қатар, Қазақстан жер балансының деректеріне сәйкес 2019 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша босалқы жерлер 95,7 мың га құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылығы алқаптары 78,3 мың га (егістік – 51,7 га, жайылым – 74,1 мың га, шабындық – 2,1 мың га, тыңайған жерлер – 2,0 мың га). Ал, арнайы жер қоры 37,5 мың га құрайды», – деді АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрайымы Гүлжахан Бимендина.  width= Сондай-ақ, алқалы жиында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің профессоры, эконмика ғылымдарының кандидаты, «Асар» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы» Қайрат Бодаухан қазіргі қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар аясында Солтүстік өңірлердегі қандастарға қатысты ұзақ мерзімді тұрақты көші-қон саясатын жандандыру мүмкіндіктері жайлы нақты мәселелерге тоқталып өтті.  width= Қоғамдық комиссияның қорытындысы – шетелдегі отандастарды және Қазақстанға ерікті түрде қоныс аударған қандастарды қолдау  шаралары бойынша ұсыныстар айтылды, сондай-ақ қандастар мәселелері бойынша басқа да өзекті мәселелер талқыланды. Еске сала кетейік, 2017 жылы Елордада өткен Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында Елбасы Н.Назарбаев Қазақстанды қоғамдық жаңғырту аясында шетелдегі отандастар мен тарихи Отанына оралған қандастарды қолдауға бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар берген еді. Бұл саладағы мәселелерді талқылау бойынша диалог алаңы ретінде «Отандастар қоры» КеАҚ жанынан Қоғамдық комиссия құрылды. Оның негізгі мақсаты – шетелде тұрып жатқан отандастарды қолдау және тарихи Отанына қоныс аударған қандастарды қазақстандық ортаға бейімдеу және ықпалдасу жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруда жан-жақты қолдау көрсету болатын.

Бақыт БЕКОВ

 

Серіктес жаңалықтары