327
Жалған дипломмен 2 жыл бойы сабақ беріп келген жамбылдық мұғалім сотталды
Жалған дипломмен 2 жыл бойы сабақ беріп келген жамбылдық мұғалім сотталды
Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданының прокуратурасы орта мектептің орыс тілі мұғалімінің жалған дипломмен 2 жыл бойы білім беріп келгенін анықтады.
Облыстық прокуратураның мәліметінше, осы жылғы 15 қазандағы сот үкімімен аталған адам жалған дипломды пайдаланғаны үшін 80 сағатқа сотталып, мемлекет кірісіне 1 млн теңгеден астам залал өндірілді.
«Аудан прокуратурасы ҚР заңдарын бұзбауға шақырады. Ал егер сіз осындай жағдайларға куә болсаңыз, азаматтық бастама көтеріп, құқық қорғау органдарына хабарлаңыз. Өйткені, біздің балаларымыздың болашағы білім сапасына байланысты» - делінген хабарламада.