Қоғам наразылығына ұшыраған Қонаев ескерткішінің құрылысы тоқтатылды

Қоғам наразылығына ұшыраған Қонаев ескерткішінің құрылысы тоқтатылды

Қоғам наразылығына ұшыраған Қонаев ескерткішінің құрылысы тоқтатылды
ашық дереккөзі
196
Алматы облысында Дінмұхамед Қонаевқа арналған ескерткіштің құрылыс жұмыстары тоқтатылды.  Облыстың мәдениет басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 21 қазанда эскиздегі ескерткіш пен желіде тараған сурет арасында айырмашылық болуына байланысты құрылған арнайы жұмыс тобы құрылысты тоқтату туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар ескерткішке қатысты барлық ескертуді жоюға екі апта уақыт берді. "21 қазанда құрылған жұмыс тобы заңбұзушылықтарды анықтау үшін Балқаш ауданына барды. Барлық жауапты тұлғаны, соның ішінде мүсіншіні жинап, жұмыс тобы ескерткішті орнатуға қатысты құрылыс жұмысын тоқтатты. Сондай-ақ, ескерткіш бойынша барлық ескертуді екі апта ішінде жоюға нұсқау берілді", - деп мәлімдеді облыстың мәдениет басқармасы. Енді Балқаш ауданының әкімдігі тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі облыстық комиссияның қарауына құжаттар мен эскиздік жобаларды қайта ұсынуы қажет. "2020 жылдың 15 қазанында мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың ескерткішін орнату жөніндегі барлық тиісті құжат тексерілді. Тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі облыстық комиссия мақұлдады. Содан кейін барлық тиісті құжат Нұр-Сұлтан қаласындағы мемлекеттік комиссияның қарауына жіберілді. 20 қазанда әлеуметтік желі арқылы Қонаевтың ескерткіші мемлекеттік комиссия шешімін күтпестен орнатылғаны белгілі болды", - делінген ақпаратта.  

Серіктес жаңалықтары