236
Еуропалық үкіметтер коронавируспен күресте дәрменсіздік көрсетуде — ДДСҰ
Еуропалық үкіметтер коронавируспен күресте дәрменсіздік көрсетуде — ДДСҰ
Еуропалық үкіметтер коронавируспен күресте дәрменсіздік көрсетуде, құрлық індет ошағына айналып барады. Бұл туралы ДДСҰ-ның денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар жөніндегі бағдарламасының басшысы Майк Райан мәлімдеді, деп хабарлайды Raidió Teilifís Éireann.
Халықаралық ұйым өкілінің пікірінше, "Еуропа вирусты жеңгісі келсе, көбірек күш жұмсап, кешенді шаралар қабылдауы тиіс". Райан құрлық елдерін карантиндік шектеулер беретін мүмкіндіктерді оңды-солды пайдаланбай, ережелерді мұқият орындайтын тұрғындарға қолдау көрсетуге шақырды.