«Жұмыспен қамту 2020» жол картасы: үздік нәтиже көрсеткен өңірлер аталды

«Жұмыспен қамту 2020» жол картасы: үздік нәтиже көрсеткен өңірлер аталды

«Жұмыспен қамту 2020» жол картасы: үздік нәтиже көрсеткен өңірлер аталды
ашық дереккөзі
570
«Жұмыспен қамту 2020» жол картасы бағдарламасы аясында азаматтарды жұмысқа тартуда Шығыс Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Қызылорда облысы және Атырау облыстары көш бастап тұр. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді. «Бағдарлама аясында 6 700 әлеуметтік-коммуналдық және инженерлік-көліктік инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуда. Аталған жобалар халықты жұмыспен қамтумен бірге өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған көптеген әлеуметтік мәселелерді шешеді. Бұл мысалы үш ауысымды және апаттық жағдайдағы мектептер мәселесі, ауылда білім алу мен медицина қызметтерінің қолжетімділігі, ауыл тұрғындары үшін таза ауыз су жеткізу, суармалы және жайылымдық жерлердің көлемін ұлғайту, ауылдық елді мекендерді газдандыру секілді тағы басқа мәселелердің шешілуіне мүмкіндік береді», - деді министр. Б.Нұрымбетовтің сөзінше, «Жұмыспен қамту 2020» жол картасы сабақтас салаларда 100 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындарының ашылуына негіз болған. «Жұмыспен қамту 2020» жол картасы нәтиже көрсетуде. Бүгінгі күні бағдарлама орташа жалақысы 130 мың теңгені құрайтын 202 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етті. Бағдарламаға қатысушылардың отбасы мүшелерін ескере отырып, 900 мыңға жуық адам кірістермен қамтылды. Отандық компаниялар 488 млрд теңгелік тапсырыс түрінде қолдау алды (114 мың жұмыс орнын сақтап қалған 19 мың шағын және орта бизнесті қоса алғанда)», - деді ведомство басшысы.    

Серіктес жаңалықтары