255
ІІ тоқсаннан бастап 300 балаға дейін қамтитын мектептер дәстүрлі оқу формасына көшеді
ІІ тоқсаннан бастап 300 балаға дейін қамтитын мектептер дәстүрлі оқу формасына көшеді
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысында комиссия мектептегі оқыту бойынша бірқатар шешім қабылдады. Бұл туралы primeminister.kz сайты жазды.
«Мектептегі оқыту бойынша:
- екінші тоқсаннан бастап оқушылар саны 300 балаға дейін болатын қала және ауыл мектептерінің жұмысын дәстүрлі форматқа көшіру;
- ата-аналардың өтініші бойынша 1 сыныптан 5 сыныпқа дейін, халықаралық мектептерде 7 сыныпқа дейін кезекші сыныптарда оқуға рұқсат етілсін», –делінген хабарламада.