Отандық фильм «Киношок» фестивалінің бас жүлдесін алды

Отандық фильм «Киношок» фестивалінің бас жүлдесін алды

Отандық фильм «Киношок» фестивалінің бас жүлдесін алды
ашық дереккөзі
Қазақстандық «Жаным, ты не поверишь» фильмі ресейлік «Киношок» фестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды, –деп хабарлады кинофестивальдің ресми сайты. 1992 жылдан бері Ресейдің Анапа қаласында ұйымдастырылатын жыл сайынғы «Киношок» фестивалінің салтанатты марапаттау рәсімі биыл 17-23 қазан аралығында өткен болатын. Шараның бас жүлдесі – толық метражды фильмге берілетін «Алтын сабақ» гран-при сыйлығын Ернар Нұрғалиевтің «Жаным, ты не поверишь» фильмі иеленді. Кинотуынды сонымен қатар Баспасөз дипломын алып, «Үздік сценарий» аталымында көш бойы озып шықты.