215
Шымкентте карантин мерзімі ұзартылды
Шымкентте карантин мерзімі ұзартылды
Шымкент қаласында карантиндік шектеу шараларының мерзімі 2020 жылдың 9 қарашасына дейін ұзартылды.
Шымкенттің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Әбдіманап Төлебаевтың 24 қазандағы қаулысына сәйкес, коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайларының жалғасуына байланысты қалада карантин және шектеу шаралары 9 қараша күнгі сағат 00.00-ге дейін жалғасады.
Өңірде адамдардың қатысуымен спорттық, салтанатты және еске алу шараларын, форумдар мен конференцияларды өткізуге тыйым сақталады.
Сондай-ақ цирк, караоке, бильярд және компьютер клубтары, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, жабық нысандардағы балалардың ойын алаңдары, батуттар, фудкорттар, мен букмекерлік кеңселердің қызметіне рұқсат жоқ.
Қаулының толық мәтіні.