Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік қозғалысы бір күнге тоқтайды

Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік қозғалысы бір күнге тоқтайды

Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік қозғалысы бір күнге тоқтайды
ашық дереккөзі
359

Алдағы жексенбі яғни, 25 қазан күні Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік бір күнге тоқтатылады, деп хабарлайды turkystan.kz сайты City Transportation Systems компаниясына сілтеме жасап.

"25 қазанда қоғамдық көлік бір күнге тоқтатылады. Автобустар мен автопарктерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. Басқа күндері қоғамдық көлік қалыпты жұмыс істейді", - дейді компания мамандары.Дүйсенбі күні, 26 қазанда автобустар қайтадан қатынайды. Осы орайда компания мамандары қала тұрғындарын санитарлық нормаларды сақтауға шақырып, автобустарға бетпердесіз кіруге тыйым салынғанын еске салды. Ал жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленуі тиіс. Комиссия шешімі Осы аптаның басында коронавирус инфекциясның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия бірқатар шектеу шараларын жеңілдетті. Атап айтқанда, 24 қазаннан бастап сенбі күндері сағат 17:00-ге дейін сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері және жабық базарлар жұмыс істей бастайды. Сондай-ақ, 26 қазаннан бастап кинотеатрлар қашықтықты және маска тағу режимін сақтай отырып, сыйымдылығының 30%-інен аспайтын адам санымен жұмысын қайта бастайды. Бірақ әрбір облыстың санитарлық дәрігері өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға қарай шектеу шараларын өзгертуі мүмкін. Бұған дейін бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен сенбі-жексенбі күндері сауда үйлері мен жабық базарлар жұмыс істеген жоқ. Басқа нысандарға енгізілген шектеу шаралары сақталады. Олар:
  • мектепке дейінгі балалар мекемелері;
  • бильярд және компьютер клубтары;
  • ойын-сауық мекемелер;
  • банкет залдары;
  • түнгі клубтар
Бұдан бөлек, облысаралық жолаушылар тасымалдарына және ортақ вагондарды құруға тыйым салынған.

Серіктес жаңалықтары