Жаңа iPhone-ның басты кемшілігі аталды

Жаңа iPhone-ның басты кемшілігі аталды

Жаңа iPhone-ның басты кемшілігі аталды
ашық дереккөзі
Apple ұсынған жаңа смартфонды сынақтан өткізген сарапшылар оның елеулі кемшілігін анықтады, деп жазады Verge басылымы. iPhone 12 Pro-ның қуаты тез таусылатыны, әсіресе 5G желісіне қосылғанда аккумуляторы шыдас бермейтіні анықталды. Мақала авторының сөзінше, экраны қосулы тұрған смартфонның қуаты 2,5 сағат қолданыстан кейін 18 пайызға дейін төмендеген.  Engadget порталының сарапшылары да дәл осындай тоқтамға келді. Олардың айтуынша, жаңа смартфонның бұл кемшілігінен iPhone 11-дің жұмыс істеу уақытына үйренген адамдардың көңілі қалуы мүмкін.  Еске сала кетейік, өткен аптада Apple төрт смартфоннан тұратын iPhone-ның жаңа буынын таныстырды:  iPhone 12, iPhone 12 mini, iPhone 12 Pro және iPhone 12 Pro Max.