254
Көршісіне Wi-Fi-дың құпиясөзін айтқан ер адам түрмеге түсе жаздады
Көршісіне Wi-Fi-дың құпиясөзін айтқан ер адам түрмеге түсе жаздады
Еш кінәсі жоқ британдық кәмелетке толмағандарды азаптау көріністері бар фото және видеоларды жүктеді деген айыппен түрмеге түсе жаздады. Leicestershire Live-тің жазуынша, шын мәнінде бұл файлдарды одан Wi-Fi-дың құпиясөзін сұрап алған 60 жастағы көршісі Роберт Моби жүктегені анықталды.
Полиция британдықтың үйіне тамыз айының ортасында келген. Ер азаматқа рұқсат етілмеген контенті бар 476 сурет және 13 видеоны сақтады деген айып тағылып, тұтқынға алынды. Алайда арада бірнеше күн өткеннен кейін файлдарды оның көршісі Моби жүктегені белгілі болды.
60 жастағы ер адам бұдан бұрын да балалар порнографиясы үшін сотталған: 2010 жылы ол әлгіндей суреттерді жүктегені үшін 24 аптаға түрмеге жабылды. Мобиға тіпті интернетке қосылған телефон мен компьютер пайдалануға тыйым салынған еді.
Қорғаушылары Мобиды бұған дейінгі түрме тәжірибесі түземегенін алға тартып, оны қамауға алмауды табанды түрде талап етті. Ақырында британдық 3 жыл қоғамдық жұмыстарға жегілетін болды. Сондай-ақ, 90 күн бойы тәртіпті түзеуге арналған топтық жұмысқа тартылады.