«Адамға адам керектігін ұқтым» – Ерке Есмахан өмірінің түбегейлі өзгергенін айтты

«Адамға адам керектігін ұқтым» – Ерке Есмахан өмірінің түбегейлі өзгергенін айтты

«Адамға адам керектігін ұқтым» – Ерке Есмахан өмірінің түбегейлі өзгергенін айтты
ашық дереккөзі
321
Елімізге танымал әнші Ерке Есмахан Instagram парақшасында жазба жариялап, карантинның оң тұстарын тізіп шықты. Ол өз жазбасында карантинның арқасында өмірге басқаша қарап, адамдарды бағалауды үйренгенін айтты. Әнші Instagram парақшасында осы тақырып аясында сөз қозғап, карантинге деген өз алғысын жеткізді. - Карантин көп нәрсені үйретті. Бірінші байлық денсаулық жәй сөз болып еді, осы жылы бұл даналықтың тым актуалды екенін көрдік. Жұмыс, жұмыс дей бермей жақыныңа көңіл аудару керектігін ұғындырды. Ал жұмыс кез келген уақытта тоқтай салады екен. Карантин адамдардың жалғыз болмау керектігін, адамға адам керектігін ұқтырды. Карантин, саған рахмет! Бәрін түсіндік! Енді қайтып келмесең болады, - деп жазды Ерке Есмахан.

Серіктес жаңалықтары