395
Мемлекеттік және ұлттық жоғары оқу орындары сатылмайды – Қ.Тоқаев
Мемлекеттік және ұлттық жоғары оқу орындары сатылмайды – Қ.Тоқаев
Мемлекеттік және ұлттық жоғары оқу орындары сатылмайды. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамды алаңдатқан мәселенің нүктесін қойды.
«Менің тапсырмама сәйкес, жоғары оқу орындарының құрылымын өзгерту жұмыстары жүргізілуде. Көптеген жоғары оқу орны коммерциялық емес акционерлік қоғамға айналды. Бұл ел ішінде әртүрлі әңгіме туғызуда. Сондай-ақ бірі мемлекеттік жоғары оқу орындары кейіннен жекеменшікке сатылуы мүмкін деген де күдік бар. Осыған орай мемлекеттік және ұлттық жоғары оқу орындары сатылмайтынын мәлімдеймін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Мемлекет басшысы оңтүстіктен солтүстік өңірлерге көшетіндерге берілетін жәрдемақы мөлшерін 2 есе арттыруды тапсырған болатын.