Президент тапсырмасы: Оңтүстіктен солтүстікке көшетіндерге берілетін жәрдемақы 2 есе көбейеді

Президент тапсырмасы: Оңтүстіктен солтүстікке көшетіндерге берілетін жәрдемақы 2 есе көбейеді

Президент тапсырмасы: Оңтүстіктен солтүстікке көшетіндерге берілетін жәрдемақы 2 есе көбейеді
ашық дереккөзі
719
Оңтүстіктен солтүстік өңірлерге көшетіндерге берілетін жәрдемақы мөлшерін 35 АЕК-тен 70-ке дейін көбейту керек. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке осындай тапсырма берді. «Ел ішіндегі миграциялық үдерістерді реттеу ісінің тиімділігін арттыра түсу қажет. Бұл ең алдымен азаматтарымызды еліміздің оңтүстігінен солтүстігіне көшіруге қатысты. Осы мәселе Ұлттық кеңесте бірнеше рет көтерілді. Оны кешенді түрде шешу үшін біріншіден, электронды еңбек биржасының базасында бірыңғай ақпараттық ресурс құру керек. Көшіп барушыларға мемлекет көрсететін қолдау жөніндегі барлық ақпаратты тікелей әрі жедел алуы қажет. Екіншіден, қазіргі көшуге қатысты мәселелерді оңайлатқан жөн. Мемлекет мигранттарға барынша қолайлы жағдай жасуға тиіс», - деді Президент. Мемлекет басшысының айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысы қоныс аударушыларды тарту жағынан жақсы нәтиже көрсетіп отыр. «Аймақта көшіп келушілерге арналған тұрғын үйлер салынуда. Сонымен қатар коммуналдық инфрақұрылым дамып, әртүрлі әлеуметтік нысандар бойы көтеруде. Қоныс аударушыларды ынталандыратын қосымша шара ретінде оларға берілетін жәрдемақының мөлшерін 2 есеге, яғни 35 АЕК-тен 70-ке дейін көбейткен жөн деп санаймын. Үкіметке бір айдың ішінде осы мәселені зерттеп, тиісті шешім қабылдауды тапсырамын»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Айта кетейік, бұдан бұрын ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында айтылған бастамалардың көбі жүзеге асқанын айтқан еді.  

Серіктес жаңалықтары