Көпбалалы отбасылар басты назарда

Көпбалалы отбасылар басты назарда

Көпбалалы отбасылар басты назарда
ашық дереккөзі
311

Қазір елімізде қайырымдылық ша­ралары көптеп өткізіліп жатыр.  «Жұ­мыла көтерген жүк жеңіл» демек­ші, Ұлан ауданының жастар ресурс­тық орталығының жастары үнемі қайырымдылық шараларының бе­лор­тасында жүреді.  

Жыл басынан бері қайырымдылық ша­расы аясында аудандағы әлеуметтік жа­ғынан аз қамтылған және көпбалалы от­басыларға көмек көрсетілді. Бұл игі істі қол­ға алудағы басты мақсат – жастарға үлгі көрсетіп, үлкенді құрметтеу, сыйлау және оларға патриоттық тәрбие беру, ота­н­сүйгіштікке тәрбиелеу, адамдар арасында мейірімділікті ояту.

Бұл аудан жастарының өткізіп отыр­ған алғашқы шарасы емес. Осыған дейін де көптеген қайырымдылық істерді қолға ал­ған болатынбыз. Біз үшін ең маңыз­ды­сы – үлкен кісілердің батасы мен тұр­мы­сы төмен отбасылардың алғысын алу. Егер біз бір отбасыға болса да, кішкене қуа­­ныш сыйлай алсақ, ол – біз үшін же­тіс­тік. Әр ауылдағы ерікті жастар көп­ба­лалы отбасыларға тегін бетперде таратып, азық-түлікпен көмек көрсетіп, үлкен сауап­ты іс жасады.

Мақсатымыз – қолдан келгенше кө­мек­ке зәру отбасыларына қолдау, көмек көрсету. Жастарға айтарым – жақсылық жа­саудан жарысайық, қолымыздан ке­ле­тін көмекті жасаудан тартынбайық. Мұқ­таж жандарға әрдайым қолдау көрсетіп, сауапты іс жасай білейік.

Мұндай қайырымдылық шаралары ал­дағы уақытта да өз жалғасын табады.

Ерхат САТЫЕВ,

Ұлан ауданының  Жастар ресурстық орталығының директоры

Серіктес жаңалықтары