Еліміздің 12 өңірінде карантин шаралары күшейтілді

Еліміздің 12 өңірінде карантин шаралары күшейтілді

Еліміздің 12 өңірінде карантин шаралары күшейтілді
ашық дереккөзі
311
Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жаңа инфекциялық ауруханалар мен зертханалар іске қосылатынын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz сайты Egemen.kz сілтеме жасап.
"Өңірлердегі эпидемиялық жағдайларды ескере отырып, 12 өңірдің Нұр-Сұлтан, Алматы, СҚО, БҚО, Ақмола, Маңғыстау, Алматы, Павлодар, Қостанай, ШҚО, Қарағанды, Жамбыл облыстарының әкімдіктері карантин шараларын күшейту туралы шешім қабылдады. ПТР-тест тапсырғандар қатарының көбеюіне байланысты КВИ-ға шалдыққандардың да саны артуда. Қазір зертханалар тәулігіне 55 мыңға жуық тест жасай алады. Елімізде 13 355 инфекциялық төсек-орын бар. Оның 16%-ы (2 мыңнан астам) науқас жатыр. 6 841 карантиндік төсек-орын дайындап қойдық. Оның 8%-да (600-дей) ғана науқас бар. Қосымша 3 335 кереуеттер жаңа инфекциялық ауруханаларда іске қосылатын болады", деді Ажар Ғиният. Оның айтуынша, 23 қазанға дейін өңірлерге 100 жылжымалы кешендер жеткізіледі. Соның ішінде қазіргі таңда 25 жылжымалы кешендер өңірлерге жеткізілді. Олардың ішінде лабораториялық, рентген аппараттары бар. Кадрлар бүкіл ауыл-аймақтарды аралап, медициналық көмек көрсетілетін болады.

Серіктес жаңалықтары