Кезекші сыныпта оқитын 105 оқушы коронавирус жұқтырған

Кезекші сыныпта оқитын 105 оқушы коронавирус жұқтырған

Кезекші сыныпта оқитын 105 оқушы коронавирус жұқтырған
ашық дереккөзі
306
Қыркүйектен бері кезекші сыныптарда оқитын 105 оқушыдан коронавирус анықталған. Бұл туралы ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова мәлімдеді. "Оқу жылы басталғалы оқушылар арасында коронавирус инфекциясының 250 жағдайы тіркелді, оның 105 – кезекші сыныптарда оқитын балаларда. Қашықтан оқитын балалар арасында 145 жағдай анықталды", - деді комитет басшысы. Айжан Есмағамбетованың сөзінше, өткен аптамен салыстырғанда республика бойынша сырқаттану 1,2 есе өскен. Соңғы аптада еліміздің 12 аймағында COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны артты. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтанда – 125, Шығыс Қазақстанда – 95, Алматы қаласында –79, Павлодар облысында – 79 , Солтүстік Қазақстан облысында – 74, Қарағанды облысында – 69, Атырау облысында 58 науқас анықталған. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Павлодар облысында 3 оқушысынан коронавирус анықталған мектеп карантинге жабылғанын хабарлағанбыз. Сондай-ақ, індет жұқтырғандар санының күрт көбеюіне байланысты Қарағанды облысының Центральный ауылының шыға берісіне блокбекет қойылып, елді мекенге кіріп-шығуға тыйым салынды.

Серіктес жаңалықтары