Ауасы ең лас қалалар анықталды

Ауасы ең лас қалалар анықталды

Ауасы ең лас қалалар анықталды
ашық дереккөзі
652
Ауаның ластануы бойынша Еуропа қалаларының ішінде Ұлыбритания астанасы көш бастап тұр. Ауа сапасының төмендігі Лондонға 11,4 млрд еуро шығын келтіріп отыр. Бұл туралы  Еуропалық қоғамдық денсаулық сақтау альянсы үшін әзірленген CE Delft зерттеуінде айтылған, деп хабарлайды Le Figaro. Басылымның жазуынша, зерттеуге Еурооаққа мүше 27 мемлекеттегі, сондай-ақ, Швейцария, Норвегия және Ұлыбританиядағы 432 қала қатысқан. Ауаның ластануы жөнінен Лондоннан кейінгі екінші, үшінші орындарда Бухарест пен Берлин тұр. Париж жетінші орында. Жалпы есеп бойынша ауаның ластануынан құрлық елдеріне жылына 166 миллиард еуро шығын келеді. Ауа сапасының нашарлығы Еуропада жыл сайын 480 мың, ал Францияда 48 мың мезгілсіз өлімге себепші болады екен.    

Серіктес жаңалықтары