COVID-19: Бір аптада әлемде 2,4 млн адам індет жұқтырған

COVID-19: Бір аптада әлемде 2,4 млн адам індет жұқтырған

COVID-19: Бір аптада әлемде 2,4 млн адам індет жұқтырған
ашық дереккөзі
179
Әлемде COVID-19 індетіне шалдыққандар саны соңғы аптада 2,4 миллион адамға артты. ДДСҰ-ның хабарлауынша, бұл – пандемия басталғалы ең жоғары көрсеткіш.  Дүниежүзінде коронавирусқа шалдығушылар саны жедел қарқынмен өсуде, ал індеттен болған жаңа өлім жағдайларының саны салыстырмалы түрде тұрақты болып отыр. ДДСҰ дерегінше, соңғы аптада індеттен 36 мыңнан астам адам көз жұмды, бұл шамамен өткен аптадағы көрсеткішпен сәйкес келеді. «18 қазандағы жағдай бойынша 40 миллионнан астам адам ауру жұқтырғаны туралы және қайтыс болғандар саны 1,1 миллионға жеткені жайлы хабарлама келіп түсті», - делінген ұйым хабарламасында. Солтүстік және Оңтүстік Америкада індет күрт өршіді. 12-18 қазан аралығында онда 798 мың адам коронавирусқа шалдыққан, ал инфекция жұқтырғандардың жалпы саны 18,8 миллион пациенттен асты. Жеті күн ішінде екі құрлықта 16 мыңнан астам адамның қайтыс болған. Еуропада да жағдай мәз емес. Өткен аптамен салыстырғанда кәрі құрлықта індет жұқтырушылар саны 25 пайызға артты. Бір аптада 927 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырып, індетке шалдыққандардың жалпы саны 8 миллионнан асты. Соңғы жеті күнде Еуропа елдерінде 8 мыңнан астам адам қайтыс болды. Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда 143 адамнан коронавирус анықталып, індетке шалдыққандардың жалпы саны 109 766-ға жетті. 105 мыңнан астам адам емделіп шықты. 1796 адам көз жұмды.

Серіктес жаңалықтары