268
Президент үндеуі: Мәжіліс комитетінің төрағасы мен 2 хатшысы оппозиция депутаттары арасынан сайланады
Президент үндеуі: Мәжіліс комитетінің төрағасы мен 2 хатшысы оппозиция депутаттары арасынан сайланады
Парламент Мәжілісі тұрақты комитеттерінің бір төрағасы мен екі хатшысы парламенттік оппозиция депутаттары арасынан сайланады. Бұл туралы ҚР Президентінің Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы туралы үндеуінде айтылған.
«Енді Парламент Мәжілісі тұрақты комитеттерінің бір төрағасы мен екі хатшысы парламенттік оппозиция депутаттары арасынан сайланады. Сонымен қатар, парламенттік оппозиция бір сессия кезінде кемінде бір рет парламенттік тыңдау өткізу жөнінде бастама көтеру құқығын иеленеді. Сондай-ақ бір сессия кезінде кемінде екі рет үкімет сағатының күн тәртібін айқындайтын болады», - деді Мемлекет басшысы өз үндеуінде.