Еліміздегі полигондар жаппай тазартылады – Қорғаныс министрлігі

Сондай-ақ!

Әлемде қанша адам құлдықта жүр?

Адамды еркінен айырып, құлдықта ұстау – әлемдегі еі ауыр қылмыстардың бірі. Оны тоқтату үшін әлемдік қауымдастық жетпіс жылдан аса уақыттан бері күш салып келеді,...

Путин Қазақстанда өтетін парламент сайлауы туралы ойын айтты

Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстанда өтетін парламент сайлауы турлалы мәлімдеді, деп хабарлайды. Путин Қазақстанның саяси күнтізбесінен хабары екенін білдірді. «Келесі жылдың 10-шы қаңтарында өтетін парламент сайлауын...

Хабиб Қазақстанда турнир өткізеді

Мәскеуде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында Хабиб Нұрмағомедов Қазақстанда турнир өткізетінін айтып өтті, деп хабарлайды. "Ресейді біз келесі жылы алты турнир өткіземіз. Мәскеу, Нижний Новогород, Дағыстан,...

Өзбекстан азаматы шекарада есірткімен ұсталды

Polisia.kz хабарлауынша, Түркістан облысында «Жібек жолы» шекара бекетінде есірткі алып алып бара жатқан Өзбекстан азаматы ұсталған.  Өткізу бекетінде шетелдіктерді тексеру барысында Нано атты қызметтік...

Оқ-дәрілердің фрагменттерінен арылту үшін оған арнайы техникасы бар инженерлік-саперлік бөлімшелер тартылады, – деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Қорғаныс министрлігінде өткен аппараттық кеңесте әскерлерді тексеру қорытындысы шығарылып, жаңа оқу жылына дайындық бойынша нұсқаулар берілді. Қарулы Күштер түрлерінің бас қолбасшылары мен әскерлер қолбасшылары бағынысты құрамалар мен бөлімдерді қорытынды тексерудің аяқталғаны туралы баяндады.

«Жеке құрамның, әсіресе атыстарды орындау және жауынгерлік машиналарды жүргізу мәселелерінде кәсіби деңгейінің өскені атап өтілді. Тексеру барысында алынған бағалар жыл қорытындысы бойынша әскери қызметшілерге сыныптық біліктілік беру үшін негіз болады, оған сәйкес ақшалай үстемеақылар есептеледі. Енді бір ай көлемінде желтоқсанда басталатын жаңа оқу жылына дайындық бойынша іс-шаралар ұйымдастырылады», – делінген Қорғаныс министрлігі таратқан хабарламада.

Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев тәжірибелік оқ атудан кейін қалған оқ-дәрілердің фрагменттерінен жаппай тазалауды қажет ететін полигондар мен оқу-жаттығу алаңдарына назар аударды.

«Бұған арнайы техникасы бар штаттық инженерлік-саперлік бөлімшелер тартылатын болады. Бұдан бөлек, оқ атуға және жүргізуге тартылған оқу-жауынгерлік техникаға регламенттік қызмет көрсетуді жүргізу бойынша міндеттер қойылды. Жаңа оқу жылына ол жеке құраммен сабақ өткізуге дайын болуы керек», – деді генерал-лейтенант.

Қорғаныс министрі оқу-әдістемелік жиындарды өткізуде барлық санитариялық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, жабық үй-жайларда адамдардың жиналуына жол бермеуді тапсырды.

«Бас әскери-медициналық басқармаға Нұр-Сұлтан қаласында Қарулы Күштердегі екінші ПТР-зертхананы жедел іске қосу жөнінде нұсқаулар берілді. Бұл жеке құрамды коронавирустық инфекцияға тексерумен кеңінен қамтуға, емдік және профилактикалық сипаттағы шараларды дер кезінде қабылдауға мүмкіндік береді. Алғашқы зертхана Алматыда осы жылдың мамыр айынан бастап жұмыс істейді. Екі зертхана да әскерге тегін көмек туралы уағдаластықтардың арқасында жеткізілді. Бұл бюджет қаражатының жұмсалуына әкеп соқпады», – делінген хабарламада.

Әскери бөлімдерде Төтенше жағдайлар министрлігімен өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын бірлескен тексеру ұйымдастырылды. Ең алдымен маңызды нысандар – қоймалар, арсеналдар, жанармай құю бекеттері тексеріледі. Командирлер аталған тексеруді сапалы жүргізу, ал бұзушылықтар анықталған жағдайда оларды жою бойынша шаралар қабылдау міндетін алды.

Қысқы кезең қарсаңында әскери және жеке автокөліктердегі жол қозғалысының қауіпсіздігіне назар аударылды. Гарнизондарда әскери-жол полициясы қызметкерлерінің әскери техника жүргізушілерімен және автоәуесқой әскери қызметшілермен нұсқаулық-әдістемелік жұмысы ұйымдастырылады.

 

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

«Итаяғың болар еді алтыннан, иттің тісі батпағанда желкеңнен» Сабыр Адай Жаңаөзенді жырлады

Төмендегі видеода ақын Сабыр Адай және Светқали Нұржан өлең оқиды. Жаңаөзен қаласы,...

Әлемде қанша адам құлдықта жүр?

Адамды еркінен айырып, құлдықта ұстау – әлемдегі еі ауыр қылмыстардың бірі. Оны...
ПУТИН

Путин Қазақстанда өтетін парламент сайлауы туралы ойын айтты

Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстанда өтетін парламент сайлауы турлалы мәлімдеді, деп хабарлайды. Путин...
Хабиб

Хабиб Қазақстанда турнир өткізеді

Мәскеуде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында Хабиб Нұрмағомедов Қазақстанда турнир өткізетінін айтып өтті,...

Өзбекстан азаматы шекарада есірткімен ұсталды

Polisia.kz хабарлауынша, Түркістан облысында «Жібек жолы» шекара бекетінде есірткі алып алып бара...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...