Блокпостағы жол апаты: екі полицейдің өмірін қиған Азат Азаматов 10 жылға сотталды

Блокпостағы жол апаты: екі полицейдің өмірін қиған Азат Азаматов 10 жылға сотталды

Блокпостағы жол апаты: екі полицейдің өмірін қиған Азат Азаматов 10 жылға сотталды
ашық дереккөзі
198
Қарасай аудандық соты бұрынғы полиция қызметкері Азат Азаматовты ҚР ҚК 345-бабымен айыпты деп тауып, 10 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қауіптілігі орта дәрежедегі түзеу мекемесінде өтейтін болды. Еске салсақ, 25 мамырда таңертең BMW жүргізушісі Алматы облысының №4 блокпостын бұзып өткен болатын. Жол апатынан полиция қызметкерлері Жарас Жанғазиев пен Дастан Абдықанов қайтыс болды. Сондай-ақ, үшінші полиция қызметкері Ербұлан Сейдазым жарақат алып, ауруханадан жазылып шықты. Судья Азаматовтың кінәсі толығымен куәгерлердің сөзімен, сараптама қорытындысымен дәлелденгенін айтты. «ҚР ҚК 345-бабының 1-бабының 4-бөлімімен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Айыптау актісінде жазаны ауырлату жағдайлары айтылмады. Бұл жағдайларды сот өзі алға тарта алмайды. Соған байланысты сот прокурорға айыптау актісіне өзгеріс енгізу үшін қосымша уақыт берген болатын. Жаңа актіде Полиция басқармасына келтірілген ірі көлемдегі шығын туралы жазылған. Судья бұл ауырлату жағдайларын ескере отырып максималды 10 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл аталған бап бойынша ең шекті жаза», – деді ол сотта. Азаматов өмір бойы көлік айдау құқығынан айрылды. Судья жәбірленушілердің азаматтық шағымын түгел қанағаттандырды. Енді ол жәбірленушілерге 66 млн теңге көлемінде моральдық және материалдық өтемақы беруге міндеттелді.  

Серіктес жаңалықтары