«Nur Otan» жол сапасына шағымданған шымкенттіктердің мәселесін шешіп берді

«Nur Otan» жол сапасына шағымданған шымкенттіктердің мәселесін шешіп берді

«Nur Otan» жол сапасына шағымданған шымкенттіктердің мәселесін шешіп берді
ашық дереккөзі
435
«Nur Otan» партиясы Қаратау аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясы Шымкент қаласының Сайрам тұрғын алабы тұрғындарының жарықтың, жаяу жүргіншілер өткелінің, тротуарлардың, асфальттың жоқтығына, сондай-ақ электр энергиясының үзілуіне және Хавазмат ата мен Марьям ана көшесін тазалауды жүргізуге шағымы бойынша тексеру жүргізді. Тексеру барысында Шымкент қаласының автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасы аталған көшеде жөндеу жұмыстарын жоспарламағаны анықталды. Партиялық бақылау комиссиясымен Қаратау ауданының әкімдігіне 2020 жылдың 1 желтоқсанына дейін Хавазмат ата және Марьям ана көшелері бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізу (жарықтандыру орнату, тротуарлар төсеу және жолды асфальттау) үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуді тапсырды. Сондай-ақ, әкімдікке «Электрожелі» ЖШС-мен бірлесіп, Хавазмат ата және Марьям ана көшелері бойынша электр энергиясын үздіксіз беру үшін электр энергиясын берудің қосымша трансформаторын орнату,  «Ақ Семсер-Строй сервис» ЖШС-нің көшелерді, оның ішінде Хавазмат ата және Марьям ана көшелерін тазарту жөніндегі жұмысын бақылауға алып, тұрғындар тарапынан осы ЖШС-нің жұмысына шағымдар көбейген жағдайда жасалған шартты бұзу мәселесін қарау жүктелді.

Серіктес жаңалықтары