220
Елімізде кинотеатрлардың жұмысы қайта жанданады
Елімізде кинотеатрлардың жұмысы қайта жанданады
Биылғы 26 қазаннан бастап отандық кинотеатрлар қашықтықты және маска тағу режимін сақтай отырып, 30%-дан аспайтын толығумен жұмысын қайта бастайды.
Бұл туралы Асқар Мамин ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысында мәлімдеді.
Сондай-ақ, комиссия шешімімен 24 қазаннан бастап сенбі күндері сағат 17:00-ге дейін СОСО, сауда үйлері, жабық базарлар жұмыс істей бастайды.
Ал мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, бильярд және компьютер клубтарының, ойын-сауық мекемелерінің, банкет залдарының, түнгі клубтардың қызметіне салынған тыйым сақталады. Облысаралық жолаушылар тасымалдарына және ортақ вагондарды құруға тыйым салу жалғасады.
Еске сала кетейік, бұған дейін ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қазақстандық кинотеатрлар пандемия салдарынан кинотеатрлар 20 млрд теңге шығынға батқанын айтқан еді.
Министрдің сөзінше, кинотеатрларға қолдау көрсету үшін жыл соңына дейін оларды жеке табыс салығынан, әлеуметтік салықтан, сондай-ақ міндетті зейнетақы төлемдерінен және әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемдерінен босату көзделіп отыр.