232
Президент қазақстандық құтқарушыларды кәсіби мерекемен құттықтады
Президент қазақстандық құтқарушыларды кәсіби мерекемен құттықтады
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық құтқарушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады.
«Еліміздегі құтқарушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Сіздер қиындыққа ұшырағандарға көмек беріп, ерен ерліктің үлгісін көрсетіп келесіздер. Құтқарушылардың түрлі апат салдарын жоюға сіңірген еңбегі зор. Қайта құрылған министрлік қызметкерлеріне табыс тілеймін!», - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-де.
Еске салайық, Құтқарушылар күні Қазақстанда жыл сайын 19 қазанда атап өтіледі. Бұл атаулы күннің бекітілуі елімізде Төтенше жағдайлар жөніндегі орталық мемлекеттік комитеттің құрылуымен байланысты.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен биылғы 9 қыркүйекте елімізде Төтенше жағдайлар министрлігі қайта құрылды.