270
"Есірткіге малынған маскалар таратылуда": ІІМ желіде тараған ақпаратқа түсініктеме берді
"Есірткіге малынған маскалар таратылуда": ІІМ желіде тараған ақпаратқа түсініктеме берді
Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз онлайн-брифинг барысында әлеуметтік желіде тараған жалған ақпараттарға қатысты түсініктеме берді.
Осыған дейін желіде өздерін әлеуметтік қызметкер деп таныстырып, маска таратып, үй иесін ұйқтатып кететін адамдар туралы ақпарат тараған болатын. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайтын болып шықты. Ел аумағында мұндай жағдай тіркелмеген.
"Әлеуметтік желілер арқылы жалған ақпарат таратылған. Ақпарат бойынша әлеуметтік қызметкерлер есірткіге малынған маскалар таратқан. Артынша адамдарды ұйқтатып тастап, ұрлық жасаған. Ресми түрде бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтыны туралы айтқым келеді. Бұл фейк ақпарат", - дейді Нұрділдә Ораз.