281
Алматыда белгілі дизайнерді сүйіктісінің ағасы өлтіріп кетті
Алматыда белгілі дизайнерді сүйіктісінің ағасы өлтіріп кетті
Алматыда дизайнер Сәбит Bisen кісі қолынан қаза тапты. Дизайнердің қазасы туралы оның достары мен әріптестері әлеуметтік желіде хабарлады.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, соққыға жығылған адам туралы ақпарат полицияға 18 қазанда түнгі сағат екілер шамасында түскен. «102» пультіне қоңырау шалушының айтуынша, белгісіз ер адамдар алдымен аулада жанжалдасқан, содан кейін төбелес басталған, нәтижесінде олардың бірі жерге құлап, екіншісі қылмыс орнынан қашып кеткен.
«Оқиға орнына келген, медициналық бригада ер адамның көз жұмғанын айтты. Оның жеке басы бірден анықталды - 1989 жылы туған Б. деген азамат. Осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 1991 жылы туған Д. атты азамат ұсталды. Ол кінәсін бірден мойындады. Белгілі болғандай, дизайнер күдіктінің қарындасының жігіті болған»,– деп хабарлады қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Бұл факт Бостандық аудандық полиция басқармасында ҚР ҚК 99-бабы, 1-бөлімі бойынша тергелуде. Тергеу амалдары Полиция департаменті басшылығының бақылауында»,– деп атап өтті полициядан.