«Birgemiz» қоры 650 мыңнан астам отбасыға көмек көрсетті – Б.Байбек

«Birgemiz» қоры 650 мыңнан астам отбасыға көмек көрсетті – Б.Байбек

«Birgemiz» қоры 650 мыңнан астам отбасыға көмек көрсетті – Б.Байбек
ашық дереккөзі
225
«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек «Birgemiz» қоғамдық қорынан төлем жасаудың 5-ші толқынын қорытындылап, #BizBirgemiz акциясының аясында атқарылған істерге тоқталды. 
"Құрметті достар! Елбасы, «Nur Otan» партиясының Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен «Birgemiz» қоғамдық қоры төлем жасаудың 5-ші толқынын аяқтады. Еліміздің барлық өңірі бойынша тағы ең мұқтаж 100 мыңнан астам отбасы 50 мың теңгеден алды.
Сонымен, партиясы Төрағасының бірінші орынбасарыбарлығы 650 мыңнан астам отбасы немесе 2,2 млн қазақстандық тікелей қаржылық қолдаумен қамтылды", - деп жазды Бауыржан Байбек Facebook-парақшасында.
Сондай-ақ, партия Төрағасының бірінші орынбасары қор қаражаты есебінен 2 мыңнан астам медицина қызметкеріне қолдау көрсетілгенін, су басудан зардап шеккен Мақтаарал тұрғындарына 20 жаңа үй салынғанын атап өтті.
"Жалпы, #BizBirgemiz акциясының аясында 320 мыңдай отбасы азық-түлік себеттерімен және бірінші кезекте қажетті тауарлармен қамтамасыз етілді. Халық арасындағы қорғанысы әлсіз 100 мың отбасыға 5 миллион маска тегін таратылды.
Елбасы бастамасымен қорға 34 млрд. теңгедей қаражат жинаған барша демеушілер мен меценаттарға тағы да алғыс айтқым келеді. Коронавируспен күрес кезеңінде мұқтаждарға қолдау көрсету бойынша осынау игі іске атсалыса отырып, еліміз бен халқымыз қажырлылық пен ауызбіршіліктің үлгісін көрсетті!", - деді Б.Байбек.

Серіктес жаңалықтары