18 Қазан, 12:01 503 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Отандық «18 килогерц» фильмі Варшава кинофестивалінің бас жүлдесін алды

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

Режиссер Фархат Шәріповтің «18 килогерц» атты көркем фильмі қазақ киносының тарихында алғаш рет 36-шы Халықаралық Варшава кинофестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды.

Бұл қуанышты хабарды қалың жұрт кеше фестивальдің жабылу салтанатынан білді. Марапаттау рәсімі кезінде тікелей эфирге қосылған отандық режиссер Фархат Шәріпов қуанышын жасыра алмады. Автор осынау қиын кезеңде киноға көңіл бөлген фестиваль ұйымдастырушыларына, сондай-ақ фильмге түскен дебютант-актерлерге, туындының продюсеріне және картинаның түсіру тобына алғысын білдірді.

«18 килогерц» – 90-шы жылдардың соңындағы жасөспрімдердің өмірінен сыр шертетін фильм. Фильмнің түсіру жұмысы Алматыда өтті. Басты рөлдерді Мұсахан Жұмахан, Әлібек Әдікен, Камила Фун-Со есімді жас дебютант-актерлер сомдады.

Соңғы жаңалықтар