Маңғыстауда карантин режимін бұзғандар 15 млн теңге айыппұл арқалады

Маңғыстауда карантин режимін бұзғандар 15 млн теңге айыппұл арқалады

Маңғыстауда карантин режимін бұзғандар 15 млн теңге айыппұл арқалады
ашық дереккөзі
249
6 шілдеден бастап Маңғыстау облысындағы кәсіпкерліктің әртүрлі нысандарының иелеріне жалпы сомасы 14 931 750 теңге болатын 130 айыппұл салынған. Бұл туралы аймақтың қоғамдық коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихаты барысында облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бастығы Ғазиз Надуев мәлім етті, деп хабарлайды Lada.kz. Осы жылдың қыркүйек айында аймақта статистика коронавирус инфекциясын жұқтыру бойынша нөлдік көрсеткішті көрсетіп тұрған еді. Ал қазан айында коронавирус жұқтырудың 19 жағдайы тіркелді. Ғазиз Надуев мұны карантин талаптарына қарамастан жергілікті халықтың жасырын той және еске алу шарасын өткізуімен тікелей байланыстырып отыр. «17 тамыздан бастап 19 мониторинг тобы жұмыс істеп келеді. Осыған дейін 1900 нысанға жұмысын бастауға рұқсат етілді. Олардың 294-не ғана рейд жүргізілді. 17 тамыздан 7 қазанға дейін Ақтауда 55, Жаңаөзенде 61, Мұнайлыда 66, Бейнеуде 30, Қарақияда 20 рет рейд жүргізілді. 6 шілдеден бастап Маңғыстау облысындағы кәсіпкерліктің әртүрлі нысандарына жалпы сомасы 14 931 750 теңге болатын 130 айыппұл салынды. Олардың ішінде 17-і карантин режимінің бұзылуы, 12-і отбасылық іс-шараларды өткізуі, 70 маска режимінің бұзылуы, 31 дезинфекция режимінің бұзылуына қатысты тіркеліп отыр», - дейді Ғазиз Надуев. Карантин режимі басталғалы бері полиция қызметкерлері мобильді топ мүшелерімен бірге рейдтер жүргізген. Сол кезде санитариялық қауіпсіздікті сақтамай, бекітілген мерзімде жұмысын тоқтатпаған нысандардың иелеріне айыппұл салынған. «Мейрамханалар мен дәмханалар, моншалар, шаштараздар, кәсіпкерліктің басқа да нысандары тексерілді. 894 заңбұзушылық анықталып, 130 адамға айыппұл салынды. Сонымен қатар 13 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, мерекелік шараларды өткізгені үшін әкімшілік айыппұлдар салынды», - деді Маңғыстау облысының жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Қалдымұрат Айғарақов.  

Серіктес жаңалықтары