«Астана» президенттік кәсіби спорт клубы таратылды

/
«Астана» президенттік кәсіби спорт клубы таратылды
ашық дереккөзі
«Астана» президенттік кәсіби спорт клубы таратылды Sports.kz сайты бүгін «Астана» президенттік кәсіби спорт клубының (ПКСК) таратылғаны жөнінде жазды.  Нұр-Сұлтанда өткен брифингте «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры бас директорының орынбасары Асқар Баталов  ПКСК жүйесіне кіретін барлық клуб өз жұмысын жалғастыратынын айтты. «Астана» футбол клубы, «Астана» баскетбол клубы, «Барыс» хоккей клубы және «Astana Pro Team» велокомандасы секілді «Samruk-Kazyna Trust» құрамына кіретін клубтар өз жұмысын жалғастырады және «Самұрық-Қазына» қорынан тікелей қаржыландырылады», – деді А.Баталов.  
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары