Праймериз-2020: Петропавлда мүмкіндігі шектеулі жандар белсенділік танытуда

Праймериз-2020: Петропавлда мүмкіндігі шектеулі жандар белсенділік танытуда

Праймериз-2020: Петропавлда мүмкіндігі шектеулі жандар белсенділік танытуда
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиясы праймеризіне дауыс беру жалғасуда. Петропавлда мүмкіндігі шектеулі әйелдер белсенділік танытуда. Дауыс берушілер праймериз қатысушыларының бағдарламаларымен жіті танысып, өз таңдауын жасағанын ерекше атап өтті.  Қалалық мүмкіндігі шектеулі жандар қоғамдық ұйымының мүшесі Любовь Ермолинканың «Nur Otan» партиясының қатарында жүргеніне 10 жылдан асыпты. Зейнеткер праймериз басталғалы бері өңірдегі үміткерлердің әрқайсының бағдарламасымен жіті танысып, дауыс беру үшін әбден ойланғанын айтады.
«Біздің ұйымда 20 адам бар. Барлығы «Nur Otan» партиясының мүшесі. Бізге үміткерлердің тізімін берді. Әрқайсының қоғам игілігі үшін ұсынатын игі идеялары бар екен. Кейбірі мүгедектер қоғамдық көліктерде тегін жүреді дегенді айтыпты. Өз таңдауымызды жасадық», – дейді зейнеткер.
«Nur Otan» партиясы праймеризіне қатысуға Петропавл облысы бойынша 645 адам ниет білдірген. Партия құрамында 28 мыңнан аса мүшесі бар. Жалпы өңірде партия мүшелерінің 60 пайызы дауыс беріп үлгерген. Оның 7 700-і бюллетень арқылы өз таңдауын жасады. Айта кетейік, сайлау учаскелері бүгін, яғни 3 қазан күнгі 14.00-ге дейін жұмыс істейді. Кеше Орталық ұйымдастыру комитетінің хаттамалық шешімімен Республикалық күнтізбелік жоспарға өзгерістер енгізілгенін еске саламыз. Оған сәйкес, веб-сайт және мобильді қосымша арқылы онлайн дауыс беру мерзімін тура бір тәулікке, 2020 жылғы 4 қазан күнгі сағат 14.00-ге дейін ұзарды. Праймериздің жалпы қорытындысы 5 қазан күні белгілі болады.