Ермұхамет Ертісбаев:  Праймериз Парламент сайлауының тартысты өтуіне алғышарт жасады

Ермұхамет Ертісбаев:  Праймериз Парламент сайлауының тартысты өтуіне алғышарт жасады

Ермұхамет Ертісбаев:  Праймериз Парламент сайлауының тартысты өтуіне алғышарт жасады
ашық дереккөзі
Мемлекет қайраткері, ҚР Президентінің бұрынғы кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев Azattyq Rýhy порталына берген сұхбатында праймериз өткізу арқылы «Nur Otan» партиясының жұмысына енген жаңашылықтарға тоқталды. Сондай-ақ, Қырзыстандағы парламент сайлауының кемшіліктерін тілге тиек етіп, қазақстандық тәжірибенің ұтымды тұстарын айтып берді. «Праймериз – партияны түлетудің қуатты қаруы. Парламент сайлауына үш ай уақыт қалған уақытта «Nur Otan» жаңа қырынан танылды. Қазір бұл мүлдем жаңа саяси партия. Өткен жылдың тамызында Нұрсұлтан Назарбаев әкімшілік әдістердің уақыты өткенін, идеологиялық, саяси тәсілдермен әрекет ету қажеттігін түсініп, праймериз өткізу қажеттігін нақтылап берді. Партияішілік іріктеу арқылы өзге әлеуметтік орталардан мықты кадрлар жиналмақ. Егер праймеризді Қырғызстандағы сайлаумен салыстыратын болсақ, бізде 216 аймақтық бағдарлама бар екенін ауыз толтырып айтуға болады. Олардың әрбірі өңірлердің нақты түйткілдеріне негізделген. «Nur Otan» билеуші партия болғандықтан, нақты ұсыныстар жасауға мүмкіндігі бар. Қырғызстандағы үміткерлер сияқты әрбір жаңа туған сәбиге теңгеге шаққанда 270 мыңнан береміз деп қиялдаудың қажеті жоқ. Мұның нағыз популизм екені анық. Өйткені әлгі сома қайдан алынатынын ешкім атап көрсетпеген. Ал «Nur Otan» партиясында барлығы есептелген, басы артық ештеңе жоқ. Сондықтан праймериз төңірегінде жанталас көп болуы заңды. Дауыс берудің алғашқы сағатында «Праймериз» жүйесіне бір мезетте 50 мың адам кірген. Ал бір уақытта 120 мың адам кіргенде жүйе шыдас бермеді. Партияның қауіпсіздік жүйесі DDoS-шабуылдар жасалып жатыр деп топшылаған болар. Шын мәнінде, әрбір дауыс саналады, жүйе барлығын есепке алады. Меніңше, 3 ай ішінде «Nur Otan» жаңарып қана қоймай, қаңтар айында Парламент сайлауының тартысты өтуіне алғышарт жасады. Дауыс берудің алғашқы күнінің нәтижесіне қарап, жаңа адамдардың келгенін көріп отырмыз», – деді Е.Ертісбаев.