27 Қыркүйек, 12:15 363 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Қытай жыл соңына дейін 610 млн вакцина өндірмек

Қытай 2020 жылдың соңына дейін коронавирусқа қарсы вакцинаның 610 миллион дозасын, ал 2021 жылы 1 миллиардтан астам дозаны өндіреді. Бұл туралы ҚХР Денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік комиссияның медициналық ғылым мен технологияларды дамыту орталығының директоры Чжэн Чжунвэй мәлімдеді, – деп жазды ҚазАқпарат.

«Қытайдың коронавирус вакциналарын шығарудағы өндірістік қуаты 2020 жылдың соңына қарай 610 миллион дозаны және 2021 жылы 1 миллиардтан астам дозаны құрайды», – деді Чжэн Чжунвэй.

Сонымен бірге, шенеунік халықты вакцинациялау кезең-кезеңімен, ең алдымен коронавирусты жұқтыру қаупі жоғары адамдар, атап айтқанда «алдыңғы қатардағы» медицина қызметкерлері мен халықтың осал топтарының өкілдері (олардың қатарына қарт адамдар, жүкті әйелдер, балалар кіреді) басымдық ретінде жүргізілетінін атап өтті.

Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының өкілі Цзэн Гуанның айтуынша, қытайлық коронавирус вакциналары адамның иммундық жүйесін салыстырмалы түрде ұзақ уақыт қорғай алады.

 

Соңғы жаңалықтар