21 Қыркүйек, 19:11 314 0 Жаңалықтар Анар ЛЕПЕСОВА

Алматы маңында жер сілкінді

Білім және ғылым министрлігіне қарасты "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ММ сейсмикалық стансалар желісі бүгін Алматы уақытымен 17 сағат 18 минут 07 секундта жер сілкінісін тіркеді.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 407 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 11,4. MPV магнитудасы – 4,6. Тереңдігі – 15 шақырым.

Жерасты дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.

 

Соңғы жаңалықтар