«Nur Otan» жұмыстан заңсыз шығарылған азаматқа қолдау көрсетті

«Nur Otan» жұмыстан заңсыз шығарылған азаматқа қолдау көрсетті

«Nur Otan» жұмыстан заңсыз шығарылған азаматқа қолдау көрсетті
ашық дереккөзі
214
«Nur Otan» партиясы Жезқазған қалалық филиалының қоғамдық қабылдауына «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ филиалының – «Жезқазған электрмен жабдықтау дистанциясы» қызметкері азамат Б.-дан заңсыз жұмыстан босату туралы шағым түсті. Азамат Б-ның мәлімдеуінше, ол өндірістік жарақат алған, бірақ еңбекке жарамсыз демалыста жүрген кезінде жұмыстан босатылған. Өтініш беруші партияның Жезқазған қалалық филиалынан осы мәселені шешуді және бұрынғы жұмыс орнына қайта орналасуға көмек көрсетуді сұрайды. Партияның Жезқазған қалалық филиалы азамат Б-ның аталған өтінішін «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» ММ өкілдерімен бірлесіп қарады. «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы басқармасы» ММ жоспардан тыс тексеру нәтижесі бойынша азамат Б. бұрынғы жұмыс орнына қайта орналасты. «Қазақстан темір жолы «ұлттық компаниясы»АҚ- «Жезқазған электрмен жабдықтау дистанциясы» ЭЧ - 27 бастығына алдағы уақытта осындай заң бұзушылықтарға жол бермеу туралы ұйғарым берілді. Өз кезегінде гр. Б.нұротандықтарға әділдікті қалпына келтіруге көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін алғысын білдірді.

Серіктес жаңалықтары