17 Қыркүйек, 17:08 337 0 Праймериз Анар ЛЕПЕСОВА

Алматыда праймериз кандидаттары көпбалалы аналарға жеңілдіктерді көбейту мәселесін көтерді

4 күн ішінде «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы праймеризінің 90-ға жуық үміткері пікірсайысқа қатысты.

Бүгін партияның Бостандық аудандық филиалында үміткерлер көпбалалы аналарды әлеуметтік қолдауды күшейту, атап айтқанда, жәрдемақыларды, қосымша төлемдер мен жеңілдіктерді ұлғайту, тұрғын үймен қамтамасыз ету, ана мен бала денсаулығын қорғау мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға жоғары білімнің қолжетімділігі мәселелері қаралды.

Өткен пікірталастарда осы және бірқатар әлеуметтік-экономикалық мәселелер көтерілді.

Естеріңізге сала кетейік, пікірталас 30 қыркүйекке дейін жалғасады және Алматының барлық аудандарында өтеді. Оның барысында праймеризге қатысушылар өздерінің сайлауалды бағдарламаларын таныстырып, әлеуметтік желілердегі партияның аудандық филиалдарының ресми аккаунттарында тікелей эфирде қойылған оппоненттер мен қалалықтардың сұрақтарына жауап береді.

«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының бірінші орынбасары Станислав Канкуровтың айтуынша, бүгінде Алматыда праймеризге 221 қатысушы бар, олардың ішінде шағын және орта бизнес, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, көпбалалы аналар, медицина, білім беру өкілдері және басқалар бар.

Соңғы жаңалықтар